+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев Башқұртстан басшысымен кездесті

2021 жылғы 28 қыркүйек 19:58
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев Башқұртстан басшысымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Антирекорд: Ресейде бір тәулікте 1 075 адам коронавирустан көз жұмды Ресейде жарылғыш жасайтын цехтағы өрттен 15 адам қаза тапты Сенаттағы «Өңір» депутаттық тобының отырысында қандай мәселелер талқыланды

Өз сөзінде Сенат спикері Қазақстан үшін Ресей Федерациясы одақтас және стратегиялық серіктес мемлекет екенін атап өтті. Екі ел арасында өзара түсіністік пен сенімге негізделген қарым-қатынас орнағанын тілге тиек еткен Мәулен Әшімбаев осыған байланысты Башқұртстан Республикасымен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және саяси бағыттарда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсудің маңызды екеніне назар аударды.

«Біздің елдеріміз арасында депутаттық корпус деңгейінде ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша тұрақты диалог орнады. Ресей Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылын әрі қарай белсенді түрде дамыту жөнінде келіскен едік. Федералды Жиналысы Федерация Кеңесіне Башқұртстанның атынан сайланған депутаттары біздің бірлескен комиссияның жұмысына немесе Парламенттеріміздің екі палатасы аясындағы басқа да іс-шараларға белсенді қатыса алады», – деді Мәулен Әшімбаев.

Кездесу соңында Сенат Төрағасы достыққа негізделген қазақ-башқұрт қарым-қатынасы екі халықтың ортақ тарихи жетістігі және ортақ мүдделерді қамтитын бағыттардағы табысты серіктестіктің берік іргетасы екенін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT