+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Мәулен Әшімбаев: Азаматтық альянстың заң жобаларын әзірлеуге қатысқаны маңызды

2020 жылғы 13 қаңтар 15:55
Бөлісіңіз:
Мәулен Әшімбаев: Азаматтық альянстың заң жобаларын әзірлеуге қатысқаны маңызды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің соңғы отырысында көтерілген ұсыныстарға қатысты заң жобаларын әзірлеуде Азаматтық альянстың белсенділік танытқаны маңызды. Азаматтық альянс өкілдерімен кездесу кезінде Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өзара қарым-қатынасты бес бағытта нығайтсақ деп отырмыз. Бұл жерде Азаматтық альянс Президент Әкімшілігімен, мемлекеттік органдармен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, екінші жағынан үкіметтік емес сектормен жұмысты күшейтсе дейміз. Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғам сұранысына берілген жауап ретінде кейбір қылмыстарға қатысты жаза күшейтілуде. Қоғамдағы мәселелерді түзеуге бағытталған заңдар қабылдануда. Алайда ары қарай жұмысты жалғастыру керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің соңғы отырысында көтерілген ұсыныстарға қатысты заңдарды әзірлеуде Азаматтық альянс белсенділік танытса дейміз», - деді ол.


Мәулен Әшімбаевтың айтуына қарағанда, мемлекеттік органдардың алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – заңға енгізілетін өзгерістерді халыққа барынша ұғынықты түрде жеткізу.

«Қоғамдық диалог орнатып, билік пен қоғамның арасында жүйелі коммуникацияны орнатқан абзал», - деді ол.

Еске сала кетсек, елордада Қазақстанның Азаматтық альянсының конференциясы өтіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT