Мәулен Әшімбаев алматылық жастардың инновациялық бастамаларымен танысты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың Алматыға жұмыс сапары алматылық жастардың «Smart. Point» коворкинг орталығындағы кездесумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Аталған орталық мегаполис тұрғындары үшін түрлі стартаптарды  жүзеге асыратын орын ретінде танылған. Аптаның 7 күнінде 24 сағат жұмыс істейтін орталықта спорт зал, жастардың идеяларымен жұмыс істеуіне арналған бөлмелер бар.

«Бүгінгі кездесу маған қатты ұнады. Барлығыңызға алғыс айтамын. Партияны жаңғыртуға байланысты ұсыныстарыңызды күтеміз. Мұнда шығармашылық орта қалыптасқан екен. Қазақстанның инновациялық орта қалыптастыруға деген талпынысын осы жерден көруге болады екен», - деді Мәулен Әшімбаев орталық жұмысымен таныса келе.

Сөзінде Мәулен Әшімбаев жастарды «Нұр Отанның» ұйымдастыруымен өтетін жастар арасындағы инновациялық дәстүрлі жобалар байқауына қатысуға шақырды.
null 

Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы жуырда инновацияны қолдауға бағытталған тағы бір жобаны қолға алмақ. «Нұротандықтардың» айтуынша, партиясы осы жоба арқылы отандық ғалымдардың жұмысына тың серпін беруді жоспарлап отыр.
null null null null 

Соңғы жаңалықтар