Мәулен Әшімбаев әкімдерді сайлау туралы: Басқару жүйесінің тиімділігі артады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев әкімдерді тікелей халықтың сайлауына мүмкіндік беретін заңдардың қабылдануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қабылданған заңдар аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің тікелей халықтың дауыс беруімен сайлануын бекітіп, сайлау процесінің тәртібін айқындайды. Сондай-ақ саяси партиялардың Мәжіліс пен мәслихаттарға өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Мұнымен қоса, дауыс беру бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылады. Бұл еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиға. Мемлекет басшысының осы бастамасы еліміздің саяси жүйесін одан әрі дамытуға және саяси бәсекелестікті күшейтуге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында.

Оның пайымынша, жергілікті әкімдердің сайлауын өткізу басқару жүйесінің тиімділігін арттырмақ.

Айта кетейік, Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық Заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.



Соңғы жаңалықтар