Мәулен Әшімбаев: «Әбу-Даби Плаза» жұмысшыларының мәселесі «Нұр Отанның» бақылауында болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» құрылыс кешенінің жұмыстан шығып қалған жұмысшылары «Нұр Отан» партиясына жүгінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аталған жайтқа орай партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пікір білдірді. Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласының прокуратурасына сәйкесінше өтініш жасады және қазіргі уақытта бұл шешімнің заңдылығы тексерілуде. Орын алған жайтты шешуге елорда әкімдігі де жұмылдырылған.

«Бұл проблеманы шешу үшін қажеттінің барлығы жасалып жатыр. «Нұр Отан» партиясы бұл мәселені өз бақылауында ұстайтын болады. Мұндай жағдайда барлығының сабырлық танытқаны өте маңызды. Құқық қорғау органдары мен қала әкімдігі жұмыс істеуде. Бірлескен күш-жігердің арқасында бұл ахуалдың оң шешімі табылатындығына сенімдімін», - делінген партияның сайтында жарияланған Мәулен Әшімбаевтің пікірінде.

«Нұр Отан» партиясының мәліметінше, кеше кешкісін Астанада «Әбу-Даби Плаза»  құрылыс кешенінің 400-ге жуық жұмысшысы заңсыз жұмыстан шығарылғандықтарына шағымданған. Олардың айтуынша, жұмыстан босатылатындары жөнінде ешқандай ескерту алмаған. Бұл туралы жұмысқа келген кезде бірақ білген. Осыдан кейін құрылысшылар даулы жайтты шешуге көмек сұрап, «Нұр Отан» партиясына жүгінген. Кеше түстен кейін олар партияның Астана қалалық филиалы басшылығымен кездескен.

Соңғы жаңалықтар