Мәулен Әшімбаев: 1 желтоқсан - халқымыз кемел келешек жолында тарихи таңдау жасаған күн

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президент күніне орай Facebook арқылы қазақстандықтарға құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің елдігіміз бен егемендігіміз үшін маңызы зор. Себебі, 1 желтоқсан ұлт шежіресіне халқымыз кемел келешек жолында тарихи таңдау жасаған күн ретінде жазылды. Шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері мен жеңістері Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз. Тұңғыш Президентіміз сайланған күнді жалпыұлттық мейрамға айналдырып, кең көлемде атап өтуді халықтың Елбасына деген ерекше құрметі деп қабылдауымыз керек. Елбасына көрсетілген құрмет – тәуелсіздікке жасалған тағзым», - деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар ол кеше өткен халықаралық конференцияда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет қалыптастыру жолындағы ерік-жігері мен қажыр-қайраты туралы сөз қозғалып, тарихи шешімдері талқыға түскенін атап өтеді.
«Елдің мерейін өсіретін мереке құтты болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», - деді Сенат төрағасы.
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Президент маңызды салаларда нақты мақсаттарды айқындады - Бақытжан Жұмағұлов
- Сапалы заңдар - ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты – сенатор Әлімжан Құртаев
- Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
-
Премьер-Министр он күн ішінде Президентке Үкімет құрамын ұсынады
-
Жаңа құрамдағы Мәжіліс: Палатаның екі комитетін парламенттік оппозиция өкілдері басқарады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам