Матрица: «Қызыл» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2021 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Оған сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.⠀

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.


Соңғы жаңалықтар