Матрица: Қостанай облысы «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі 22 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл аймақта» Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.

«Сары аймақта» Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстары тұр.

«Жасыл аймақта» Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы ғана.

Қазақстан Республикасы «қызыл аймақта» орналасқан.


Соңғы жаңалықтар