Материалтанушы ғалымдар арасындағы алғашқы онлайн-конференцияға шет елдерден 70 ғалым қатысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында жетекші инженерлердің қатысуымен Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Онлайн форматтағы шараға әлемнің бірқатар мемлекеттерінен 70-тен астам ғалым қатысты.

«Конференция жұмысы 4 бөлімге бөлінді. Біріншіден, ғалымдар заманауи материалдар өндірісі, инженерлік материалдар мен қосымшалар туралы айтты. Сонымен қатар материалдарды зерттеудің озық әдістері сөз етілді. Норвич университетінің профессоры, Нортфилд, (АҚШ) Каролина Паярес-Асприно және Курчатов қаласындағы ҰҒО РМК Атом энергиясы институтынан келген Артур Сураевтар баяндама жасады. Екінші бөлімде бетті өңдеу және жабу процестеріне баса назар аударылды. Өз зерттеулерінің нәтижелерін ұлттық технологиялық институтынан М. Кришна Панди Силчар мен «Prof. P. Kuppusami» Сатябама ғылым және технология институтынан профессор П. Куппусами бөлісті. Екеуі де Үндістаннан келген ғалымдар. Осындай халықаралық форум жас ғалымдар үшін өз мүмкіндіктерін ұсынуға таптырмас шара», - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, бұл материалтанушы ғалымдар арасындағы алғашқы ауқымды онлайн-конференция.


Соңғы жаңалықтар