Матерацци 2006 жылғы әлем біріншілігінде Зиданнан не үшін таяқ жеген? (ВИДЕО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Марко Матерацци осыдан 10 жыл бұрынғы біріншіліктің финалында Франция құрамасының аяқдоп шебері Зинедин Зиданмен болған кикілжіңге байланысты пікірін білдірді, деп жазады 24.kz.

Естеріңізде болса, 2006 жылғы әлем чемпионатының ақтық сынында Зидан Матераццидің кеудесін баспен ұрып, нәтижесінде итальяндық екі бүктеліп түсті. Бұл әрекеті үшін француз қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған. Ал Франция қақпасына төреші пенальти белгілеген болатын. Осыдан соң Зизудың ашуына тиетіндей Матераццидің соншалықты не айтқаны футбол әлемінде әбден талқыға салынып, басылымдар италльяндық қорғаушының Зинединнің анасын балағаттағанын жарыса жазды. Матерацци сол жолы шынымен де француздың намысына тиген сөз айтқанын араға 10 жыл салып мойындап отыр. «Мен расында да ақымақтықпен дөрекі сөз айттым, бірақ оның өзі Зиданның дәл осылайша әрекет етуіне тұрмайды. Рим, Неаполь, Турин, Милан, тіпті Париждің кез келген бөлігінен одан да ауыр сөздерді естуге болады. Менің айтқаным, оның анасына емес, әпкесіне қатысты болатын», - дейді Матерацци.

 

Соңғы жаңалықтар