Матч кезінде футболшының басы сүйменмен соққандай ойылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинаның «Платенсе» клубының жартылай қорғаушысы Франсиско Ваццолер «Вилья Сан-Карлос» ұжымына қарсы ойында екі футболшымен соқтығысып қалып, басы жарылды. 

Бұл жайлы The Sun хабарлайды.

Аргентина чемпионатының үшінші дивизионында ойнайтын 28 жастағы футболшы өз командаласы және бір қарсыласымен соқтығысып қалған. Жарақаттың терең болғаны соншалық, бас сүйегінің бір бөлігі аршылып қалған. Басынан тоқтаусыз қан кеткен Ваццолер жедел ауруханаға жеткізілген.

Бірнеше күн емделген футболшы аман-есен үйіне қайтқан. Қазіргі жағдайы жақсы.

Соңғы жаңалықтар