Мәслихаттардың нормашығармашылық қызметке тартылған мамандарының біліктілігі төмен - Назарбаева

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәслихаттардың нормашығармашылық қызметке тартылған мамандарының біліктілігі төмен. Бұл туралы бүгін Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған республикалық конференцияда ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 9 айында ғана прокуратура органдары әкімдіктер мен мәслихаттар қабылдаған 608 құқықтық актіні қабылданған заңдарға сай келмеуіне байланысты жойды және өзгертті. Бұл цифрлар нормашығармашылық қызметке тартылған мамандардың біліктілік деңгейінің төмен екендігін көрсетеді. Мәслихаттар қажетті кадрлармен, ұйымдастырушылық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс»,- деді Дариға Назарбаева.

Оның атап өтуінше, жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті проблемаларды шешуге қоғамды белсенді тарту дегенді білдіреді. Осы орайда ол қоғамдық пайда әкелуге дайын және оны қалайтын бастамашыл азаматтардың саны артып келе жатқанын айтты.

«Бұл мәслихаттардың қызметтері барынша жария және ашық болуы тиіс екендігін білдіреді. Орын алып отырған проблемаларды халықпен ашық талқылап, азаматтармен бірге оларды шешуге қол жеткізу қажет. Бұл ретте қазіргі заманғы коммункациялық технологиялар үлкен мүмкіндік береді», - деді Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар