Мәслихаттардағы «Nur Otan» депутаттарының рейтингі көпшілікке жария етілмек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәслихаттардағы «Nur Otan» депутаттарының рейтинг нәтижесін жұртшылыққа жария ету керек. Бұл туралы аталған партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Партияның жұмысы барынша ашық болуы тиіс деп санаймыз. Бүгінгі таңдағы қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы», - деді ол партияның кезектен тыс съезінде.

Оның атап өтуінше, пилоттық жоба ретінде мәслихаттардағы «Nur Otan» депутаттарының рейтинг жүйесі толықтай сынақтан өтті.

«Оның нәтижесін жұртшылыққа жария етуді ұсынамыз. Мұнымен қатар, партиялық мобильді қосымша іске қосылады. Онда азаматтар партияның жұмысы туралы жедел ақпарат алып, қоғамдық маңызды мәселелерге байланысты түрлі сауалнамаларға қатысып, өтініш пен ұсыныс-тілектерін қалдыра алады», - деді Асхат Оралов.


Соңғы жаңалықтар