Мәслихат депутаты ЖОО бітірген жетімдердің жағдайын бақылайтын органды анықтауды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында депутат Владислав Сергеев жетім балаларды жұмыспен қамту және тұрғылықты жерін үйлестіретін органды анықтауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетім бала интернатта тұрған кезде, колледж бен жоғары оқу орнында оқыған кезде көп жұмыс атқарылатынын білеміз. Ол кезде олар баспанамен де, азық-түлікпен де қамтамасыз етіледі. Барлық қиындық атаулы оқу бітіргеннен кейін басталады. Біріншіден, баспана табу, екіншіден, азық-түлік, үшіншіден жұмысқа тұру мәселесіне тап болады. Бұл мәселені талқылаған кезде қанша жетім жұмысқа орналасқаны, кім қандай жағдайда тұрып жатқаны туралы мәлімет жоқ екеніне көз жеткіздік. Ең алыс туыстың өзі студентті қамқорлығына ала алады. Біздегі менталитет солай, ал жетім балаларда ондай қол ұшын созатын туысы жоқ. Сондықтан олардың жоғары оқу орнынан кейінгі тағдырын бақылап, жұмысқа орналасу, баспаналы болу мәселесін үйлестіретін органды анықтауды сұраймын. Мүмкін олар баспана алғанға дейін интернатта немесе оқыған мекемеде тіркеліп тұруы керек шығар?», - дейді мәслихат депутаты Владислав Сергеев.

Қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов бұл мәселе қарастырылып, нәтижесі белгілі болған кезде айтылатынын айтты.

«Бұл расымен өзекті мәселе. Ең алдымен баспана мәселесін, одан кейін жұмысқа орналастыру мәселесін шешу керек. Осы мәселе бойынша сараптама жұмысын жүргізіп, қай мәселе өзектірек екенін анықтауымыз керек. Сараптамалық жұмыс жүргізуге қатысты бірқатар сұрақ бар. Осыған байланысты былтыр қала әкімінің тапсырмасы бойынша халықтың әлеуметтік осал тобымен, атап айтқандажетім балалармен, мүгедек балалармен тығыз жұмыс істеудеміз. Сіздің ұсынысыңызды қабылдадық, нәтижесін айтамыз», - дейді Нұрлан Нұркенов.


Соңғы жаңалықтар