+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Мәслихат депутаты орнын босатты: Бизнесті таңдадым

2018 жылғы 3 сәуір 15:05
Бөлісіңіз:
Мәслихат депутаты орнын босатты: Бизнесті таңдадым

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу ауданының №25 округі бойынша Мәслихат депутаты Ерлан Стамбеков өзінің депутаттық өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулысы Ерлан Стамбеков Фейсбуктегі парақшасында бизнесінде жаңа жобалардың пайда болуына байланысты депутаттықтан кететінін мәлімдеген.

«Мен өзімнің серіктестеріммен біріге отырып, бірнеше халықаралық жобаны жүзеге асыруым керек. Әрине, оған көп күш жұмсау керек. Ұзақ уақытқа іссапарға кету керек болады. Орнымда бір күн бар, бір күн жоқ болсам, ол менің депутаттығыма сын емес пе? Маған сеніп дауыс берген азаматтардың сенімін ақтамағаным болады. Осыған байланысты нақты шешім қабылдадым. Егер аяқсыз қалдырған дүниелерім болса, менің орныма сайланатын депутатқа қалдырып кетуге тырысамын. Алматы қаласы мәслихатының ұжымына, бірге жұмыс жасаған әріптестеріме маған берген үлкен тәжірибелері үшін алғыс білдіремін», - деді ол жазбасында.

Ал қалалық орталық сайлау комиссиясы төрайымының орынбасары Айгүл Хасанова Ерлан Стамбековтен ешқандай өтініш түспегенін айтты.

«Дәл қазір Стамбековтен ешқандай арыз түспеді. Ол кісі өзінің ресми өтінішін өткізген соң, белгілі бір шараларды өткіземіз. Содан соң қосымша сайлау туралы мәселе қарастырылады», - деді Айгүл Хасанова.

Айта кету керек, Алматыда биыл 2 округ бойынша депутаттар орнын босатқан болатын. Олардың бірі мемлекеттік қызметке кетсе, екіншісі сот үкімінен соң депутаттық мандатын тапсырды.

фото: vecher.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT