Мәслихат депутаттары елордада газбен жүретін көліктердің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласының мәслихат депутаттары жанармай багының орнына газ баллондарын орнатқан көліктерді парикнгтерге өткізбеу туралы талап сақталмайтынын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық мәслихатының төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында осындай мәселе қаралды.

Мәслихат өкілдері қала іргесіндегі жеке тұрғын үйлерде газ баллондары талапқа сай пайдаланылмай жатқанын айтып, жанармай жүйесі газға ауыстырылған көліктердің қауіпсізігіне алаңдаушылық білдірді.

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қуанар Базарбаевтың айтуынша, бұл екі мәселе де төтенше жағдай, полиция және мемлекеттік кіріс органдарының өкілдерінен құралған комиссияның бақылауында тұр.

«Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін бақылайтын комиссия құрылған. Оның құрамына бізден бөлек полиция департаменті, салық органдары кіреді. Комиссия аясында сол қызметтермен бірге газ баллонын пайдалып отырған 199 үйді аралап шықтық. Оның ішінде 10 жағдай бойынша соттың шешімі шықты. Біз өзіміздің департамент тарапынан 1350 үйді аралап шықтық. Комиссия бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр. Енді сол жұмысты тағы да күшейте түсу керек шығар. Өйткен аталған үйлер шынымен проблема болып тұр», - деді департамент өкілі.

Сондай-ақ, ол паркингтерді өрт қауіпсіздігін сақтамайтын көліктерден тазарту ісінде тұрғындардың белсенділігі маңызды екенін атады.

«Біздің қызмет Ішкі істер министрлігінің жүйесінде болған кезде газ баллоны орнатылған көліктерді паркингтерде қаңтаруға болмайтыны туралы қаулы шыққан болатын. Біздің мамандар барлық көппәтерлі үйлердегі үй иелерінің чаттарына қосылған. Өрт қаупінің алдын алу үшін парикнгке газ қондырғысы орнатылған көлікті қаңтаруға тыйым салынғаны туралы ақпараттарымызды сол чаттарға салып отырамыз. Егер тұрғныдардан біреу жүгініп жатса, дереу әрекет етеміз. Ондай да болған. Бізге түскен хабар бойынша оқиға орнына шығып, учаскелік полициямен бірге әлгі көлікті парикнгтен алып шығарған болатынбыз», - деді Қуанар Базарбаев.


Соңғы жаңалықтар