Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеуге коронавирустан қорғауға арналған 10 миллионға жуық қолданылған медициналық қолғапты жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы мәскеулік прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, шетелдік компания мен Жаңа Мәскеудегі коммерциялық ұйым арасында келісімшарт жасалған. Оған сәйкес компания Ресейде сату үшін бір реттік винилді қолғаптарды жеткізуі тиіс болған. Прокуратура мәлімдемесінде кедендік декларациялар негізінде 9,9 миллионнан астам бір рет қолданылатын қолғап жеткізілгені айтылған. Сондай-ақ, өнімдер мәлімделген сапаға сәйкес келмейтіні анықталды, қолғаптар бұрын қолданылған болып шықты.
Прокурорлық тексеру материалдары тергеу органдарына жіберілді. РФ ҚК 30-бабының 3-тармағы, 236-бабының 1- тармағы (санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура тергеу нәтижелерін бақылауға алды.
- Түркияның шығысында тікұшақ апатқа ұшырады
- Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалып жатыр
- Батыс Қазақстанға Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
- ЮНИСЕФ: COVID-19 салдарынан әлемде 168 млн бала бір жылға жуық мектепке бармаған
-
Германияда локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
-
Жарылыс қаупіне байланысты Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам