Мәскеуге аттанатын «Astana Arlans» боксшыларының тізімі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 ақпан күні сағат 23:00-де Мәскеу қаласында WSB аясында Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасы мен «Astana Arlans» қазақстандық клубының кездесуі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық команда өз құрамын шараға екі күн қалғанда бекітті. Атап айтқанда, Ресейдегі кездесуге Теміртас Жүсіпов (49 кг), Ілияс Сүлейменов (56 кг), Ділмұрат Мәжітов 64 кг), Әбілхан Аманқұлов (75 кг) және Антон Пинчук (91 кг) барады.

Аталмыш шараны «Хабар» арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Vesti.kz сайтының жазуынша, матч аясында «Astana Arlans» сондай-ақ, "Чайна Драконс" (Қытай) және "Өзбек Тайгерс" (Өзбекстан) клубтарына қарсы тұратын болады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар