Мәскеудің үздік балалар реаниматологтары астаналық дәрігерлерді оқытуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен елордалық дәрігерлер балалар реаниматологиясы мен қарқынды терапия тәлімгерлік бағдарламасы бойынша оқытудан өтуде.

Балалар стационарларының мамандарын Мәскеу қаласынан келген балалар реаниматологиясы мен қарқынды терапия саласындағы үздік мамандар оқытуда.

Біздің дәрігерлеріміздің тәлімгерлері - Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицинасы университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор В.Лазарев пен балалар анестезиолог-реаниматологы, педиатриядағы симуляция бойынша Халықаралық тобының координаторы Уго Карлос Лоайса Левано.

Тәлімгерліктің басымдығы жұмыс орнында тәжірибе бөліміне басымдық беріп оқыту мүмкіндігінің болуында, деп хабарлайды Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының ресми порталынан.

Шақырылған ресейлік қонақтардың мерекелік жаңажылдық күндері де жұмыс істегенін атап өту керек.

Оқыту астаналық денсаулық сақтау басқармасының педиатрия қызметін дамыту бағдарламасының аясында өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар