Мәскеудің архивінен қазақ хандары жазған хаттар табылды
2022 жылғы 19 мамыр 15:47

Мәскеудің архивінен қазақ хандары жазған хаттар табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж.Болдыков бастаған топ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Ресейдің Мәскеу қаласына сапарында белгілі болды. «Архив-2025» жоспарын іске асыру мақсатындағы іссапарда мамандар ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкеледі.

Қазіргі таңда орталық директоры, PhD доктор Ж.Болдыков пен ғылыми қызметкерлер К.Паримбекова, Г.Бисенова, З.Дүкенбаева, Г.Өтепова, Н.Абельдиновтер сақталған маңызды құжаттарды зерттеп-зерделеуде.

«Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет, Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталды. 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар белгілі болды. Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған», - делінген ведомство хабарламасында.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT