
09:16
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуден Минералды Воды әуежайын бетке ала ұшқан ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат РЕН ТВ-ға сілтеме жасап.
Экипаж ұшақ аспанға көтерілген Жуковский әуежайына қайта қонуға шешім қабылдады. Қазір әуе кемесіне техникалық тексеріс жүріп жатыр.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ұшақтың қозғалтқышына айтарлықтай зақым келмеген.