Мәскеуден Бейжіңге ұшып шыққан ұшақ апатты жағдайда қайта қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу-Бейжің бағытындағы жолаушылар ұшағының қозғалтқышында ақау байқалған соң, әуе кемесі Шереметьево әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады «Жаңалықтар» РАА РФ ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Бейсенбі күні кешке ұшақ Мәскеудің Шереметьево әуежайынан Бейжіңге ұшып шыққан. Бірақ оған бірнеше минуттан кейін қонуға тура келді. Алдын ала мәліметтер бойынша, оған қозғалтқыштарының бірі істен шығуы себеп болды. Ұшақ әуежайға сағат 22.21-де аман-есен қонды», делінген хабарламада.

Ұшақтың ішінде 246 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі болған. Ешкім зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар