Мәскеудегі Внуково әуежайында екі Boeing ұшағы соқтығысты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Внуково әуежайында тіркеп сүйреу кезінде "Ресей" және Azur Air әуе компанияларының ұшақтары соқтығысып қалды, деп хабарлайды ТАСС.

Ресей ТК Мәскеулік көліктегі өңіраралық тергеу басқармасының өкілі Лариса Марковецтің айтуынша, Внуково әуежайында екі Boeing ұшағы соқтығысқан. Алдын ала мәліметке қарағанда, олар тіркеп сүйреу кезінде бір-біріне қанатарымен ілінісіп қалған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Azur Air әуе компаниясы ұшағының оң жақ қанаты, ал «Ресей» әуе компаниясының ұшағының стабилизаторы зақымданған.

Марковецтің сөзіне қарағанда, тергеуалды тексеріс басталды. Оқиға орнында тергеушілер келеңсіз жағдайдың себеп-салдарын анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар