+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Мәскеудегі төбелес: Қазақстандық студенттердің өкілдері ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген

2020 жылғы 14 қаңтар 03:32
Бөлісіңіз:
Мәскеудегі төбелес: Қазақстандық студенттердің өкілдері ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ресейліктерді соққыға жықты деген күдікке ілінген қазақстандық екі студенттің қорғаушылары мен туыстары Ресейдегі Қазақстан Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген. Оның бірі екі ресейлікті сабады деген күдікпен қамауға алынған, деп хабарлайды Мәскеудегі ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі оқушылар арасындағы төбелес туралы: Тәрбие жұмысына атүсті қарап отырмыз Оралда жасөспірімдер топ болып төбелесті Ақтөбеде мейрамханада төбелескендер ұсталды

Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің ақпарат көздері келтірген мәліметтерге сүйенсек, Асылбек Хисами мен Әлішер Қабылов Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар факультетінің 4-курс студенттері. Олар онда ақылы түрде білім алады. Студенттердің туыстары қазіргі уақытта Мәскеуде. Сондай-ақ, іске қорғаушылар тартылған.

«Қазіргі таңға дейін құқықтық және басқа да көмек үшін дипломатиялық өкілдікке олардың заңды өкілдері хабарласқан жоқ. Елшілік оқиға барысын қадағалап отыр» делінген хабарламада.

ММХҚИ баспасөз қызметі «құқық қорғау органдары жұмыс істеп және тергеу жүріп жатқандықтан» бұл оқиғаға қатысты кез келген мәлімет беруден бас тартты.

Мәскеу қаласы Никулин сотының шешіміне сай, 11 қаңтар күні А. Хисами РФ ҚК 161-бабының 2-бөлігі бойынша екі айға қамауға алынды. Қазір ол мәскеулік тергеу изоляторларының бірінде қамауда отыр.

Автор:

Нарымбек Исмагулов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT