+7 (701) 759 90 19
USD 378.36 EUR 411.92
RUB 5.76 CNY 53.92
Jańalyqtar

Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында хабарландыру қазақ тілінде айтылады

2020 жылғы 17 қаңтар 22:03
Бөлісіңіз:
Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында хабарландыру қазақ тілінде айтылады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Жұма күні «Шереметьево» Мәскеу халықаралық әуежайында «С-1» терминалының ресми ашылуы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Мәскеудегі меншікті тілшісі.


«С-1» тек халықаралық рейстерге қызмет көрсететін болады. Алғашқыда мұнда «Аэрофлоттың» барлық рейстері ауыстырылады. Терминал жылына 20 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетуге қауһарлы. Оның ашылуымен әуежайдың өткізу мүмкіндігі жылына 80 миллион адамға дейін артады. 2024 жылдан кейін Шереметьевода терминалдың екінші кезеңі - «С-2»-нің құрылысын (жылына 10 млн жолаушы) бастау көзделген.

«С-1» терминалында жолаушыларды тіркейтін 84 орын бар. Биометриялық төлқұжаттардың иелерін азаматтың қатысуынсыз өткізетін автоматты паспорттық бақылау бекеті қарастырылған.

Сондай-ақ 2,5 мың машинаға арналған алты қабатты паркинг жұмыс істейді.

Ашылу салтанатында «Шереметьево» Халықаралық әуежайының» Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Пономаренко терминалдың құрылысына 32 млрд рубль (196 млрд 160 млн теңге) жұмсалғанын атап өтті.

Әуежайда Ақпараттық хабарландырудың автоматты жүйесі енгізілген. Мәселен, нысанның төрт терминалында (C, D, E және F) рейстің ұшу бағытына байланысты ақпарат орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде айтылады. Онымен қоса, барлық дыбыстық хабарландырулар әуежайда орнатылған мониторингте жүгіртпе жолда көрсетіліп отырады.

Авторы Нарымбек Исмағұлов


Фото: Марина Лысцева/ТАСС
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT