Мәскеудегі сайлау учаскесінің бақылаушылары ешқандай заң бұзушылықты анықтаған жоқ

None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы №265 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына дауыс беру жөніндегі халықаралық байқаушылар тобының мүшелері заң бұзушылықтарды тіркеген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының халықаралық бақылаушысы Андрей Брыксенковтың мәліметінше, сайлау тыныш және демократиялық жағдайда өтіп жатыр.

«Президенттік сайлаудан аздаған айырмашылығы бар – сайлаушылар аз қатысады, бұл Қазақстан Республикасының даму бағытының тұрақтылығын сезінуінен болса керек. Сондықтан адамдар бәрі дұрыс жасалған деп есептейді. Осыған байланысты өзгертулер үшін ерекше күш қажет емес», - деді бақылаушы.

«Сайлау – мемлекеттің өз халқына деген көзқарасының айнасы. Бүгін ерік-жігерді білдіру өте жақсы және лайықты ұйымдастырылған. Мен Қазақстан азаматтарының саяси бейімділіктерін көрсетуге мүмкіндік алғанына қуаныштымын», - деп түйіндеді сөзін А.Брыксенков.

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының халықаралық бақылаушысы Марина Лапенконың пайымынша, сайлау халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес өтіп жатыр, ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Сайлаушылардың өз еркін білдіруіне барлық жағдай жасалған.

Соңғы жаңалықтар