Мәскеудегі сайлау учаскесінде 950 сайлаушы дауыс берді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу уақытымен 16:00-дегі дерек бойынша, Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің жанындағы №265 сайлау учаскесінде 950 сайлаушы дауыс берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі учаскелік сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Мәлім болғанындай, дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп жатыр, сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Еске сала кетейік, РФ аумағында 5 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларында. Осы учаскелерде Ресей аумағында жүрген қазақстандықтар дауыс береді. Дауыс беру жергілікті уақытпен 07:00-де басталып, 20:00-ге шейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар