Мәскеудегі Кутузов даңғылында болған жол апаты бес адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбіге қараған түні Мәскеудегі Кутузов даңғылында орын алған жол апатының салдарынан бес адам қаза тапты.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне астаналық полицияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Hyundai және BMW көліктерінің соқтығысуы Кутузов даңғылындағы 24-ші үйдің жанында шамамен түнгі сағат 2-де орын алды. Апат салдарынан бес адам мерт болып, тағы біреуі жарақаттанды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға орнында жол-патрульдік қызметкерлер жұмыс істеуде. Апаттың болуы себептері анықталуда.

Соңғы жаңалықтар