Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде Қазақстан павильоны үздік деп танылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Қазақстан павильоны Мәскеудегі ең үздік қалпына келтірілген жоба деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне сілтеме жасап.

«Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильоны «Құрылыс саласындағы ең үздік іске асырылған жоба» байқауының «Мәдени мұра объектiсін заманауи пайдалануға бейімдеу және қайта қалпына келтіру» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды»,-делінген хабарламада.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің хабарлауынша, марапаттау рәсімі бүгін (дәстүр бойынша Құрылысшылар күні қарсаңында) «Манеж» сауда-көрме орталығында Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің қатысуымен өтті.

Байқауды Мәскеудің Қала құрылысы саясаты департаменті 2000 жылдан бері өткізіп келеді және астанадағы ең беделді кәсіби марапаттардың бірі болып табылады.

Бұл жолы байқауға 2021 жылы пайдалануға берілген 107 жоба қатысты. Қатысушылар құрылыстың негізгі бағыттарын қамтитын тұрғын үйлер мен медициналық және білім беру мекемелерінің құрылысынан бастап көше және жол желісі объектілеріне, метрополитенге дейін, мәдени мұра нысандарын қалпына келтіру және заманауи пайдалануға бейімдеу сияқты 12 номинация бойынша ұсынылды. Жеңімпаздарды сараптамалық кеңес пен қалалық байқау комиссиясы анықтады.

Еске сала кетейік, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіндегі «Қазақстан» павильоны 2021 жылдың соңында кең ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін ашылды. Павильонға ХХ ғасырдың ортасындағы тарихи келбеті қайтарылды. Желтоқсанда ол Мәскеу үкіметінің «Мәскеулік қалпына келтіру – 2021» байқауының лауреаты атанды, ал шілдеде қайта қалпына келтіруге қосқан үлесі және іс-шараның күн тәртібіне белсенді жұмысы үшін Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің «Алтын белгісімен» марапатталды.


Соңғы жаңалықтар