Мәскеудегі бокс кеші: Қазақстандықтар салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар Бек Нұрмағанбет, Евгений Павлов және Данила Семенов Мәскеудегі бокс кеші алдында міндетті салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, сондай-ақ қазақстандықтар өз қарсыластарымен көз арбасу дәстүрлі шарасын өткізді.

Бек Нұрмағанбет (5-0, 3КО) колумбиялық тәжірибелі боксшы Хосе Мигель Торреспен (33-11, 27КО), Евгений Павлов (5-0, 4КО) венесуэлалық Эдиксон Переспен (24-7, 18КО) және Данила Семенов (4-0, 2КО) аргентиналық Пабло Фариаспен (32-5, 17КО) кездеседі.

Бокс кеші 24 желтоқсанда Мәскеуде өтеді. Кеш хедлайнерлері – ресейлік Альберт Батыргазиев (4-0, 4КО) және венесуэлалық Франклин Мансанилья (20-7, 19КО).




Соңғы жаңалықтар