Мәскеудегі Әбілязов соты: «БТА Банкінен» қаржыны жымқыру схемасы айтылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу қаласының Таган аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әбілязовке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша сондай-ақ сыбайлас ретіндегі РФ-дан кетіп қалған төрт азамат - И.В. Кононко, Т.Н. Параскевич, А.В. Ерещенко және А.А. Удовенконың ісі қаралуда.

Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысын 1 сағат 40 минут оқыды. Айыптау тарапының мәліметінше, М.Әбіләзов құрған ұйымдасқан қылмыстық топ «БТА Банкі» АҚ-тың ақшасын ұрлау ісімен айналысқан. Бірнеше эпизод бойынша негізгі схема - қазақстандық банктің шоты есебінен жалған заңды тұлғаларды несиелеу болып отыр. Олардың ішінде ірі жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің әртүрлі нысандарын алуға, көлік-логистикалық орталықтардың, сауда-ойын-сауық және қонақүй кешендерінің құрылысын жүргізуге қатысты факттер бар.

«Осылайша, Мұхтар Әбілязовқа РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы 4-бөлігі (алаяқтық), 174-бабы 3-бөлігі (басқа адамның атынан қылмыстық жолмен ақшаны жымқыру), 201-бабы 2-бөлігі (қызметін теріс пайдалану), 165-бабы 2-бөлігі а, б тармақтары бойынша (Алдау немесе сенімге кіру арқылы мүліктік зиян келтіру) 9 қылмысқа қатысты айып тағылып отыр», - деді мемлекеттік айыптаушы.

Тыңдаудан кейін сот келесі отырысты осы жылдың 10 ақпанына ауыстыру туралы қаулы шығарды. Бұл уақыт тараптардың өз дәлелін, куәгерлік түсініктерін және іске қатысты өзге де материалдарды әкелуі үшін беріліп отыр.

Еске сала кетсек, Мұхтар Әбіләзов мен тағы төрт азамат - И.В. Кононко, Т.Н. Параскевич, А.В. Ерещенко және А.А. Удовенкоға қатысты іс Таган аудандық сотына 2019 жылдың желтоқсанында келіп түскен болатын.

Мұхтар Әбіләзовтың қорғауын мемлекет атынан адвокат жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, процеске Мәскеу қаласының адвокаттық кеңсесінің өкілдері қатысуда.

БТА Банкі – зардап шеккендердің мүддесін де ресейлік адвокаттар қорғауда.

Айта кетсек, 2018 жылдың наурызында ҚР Бас прокуратурасының өкілдері ОКҚ-да Мұхтар Әбіләзовқа қатысты мәлімдеме жасап, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйым деп танылғанын жариялаған еді.

«Бас прокуратура сот шешімімен кейін «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының әрекетіне қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405 баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қатысу әрекетіне, қозғалыстың идеясын насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын және пікірлерін, басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады. Сонымен қатар, қатысу болып қозғалысты және оның басшысы Әбіләзовты қолдауға митингтерді, шерулерді, жария акцияларын және басқа жаппай іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу саналады. Қаржыландыру ұғымына Әбіләзовпен қозғалысқа ақшаны, өзге мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырымдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызметтерді көрсету жатады. Сонымен қатар, істегі заңнамаға сәйкес, экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады», - делінген мәлімдеме.



Соңғы жаңалықтар