Мәскеуде жұмыс істейтін азаматтардың 60 пайызы вакцина алуға міндеттелді

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеудің бас санитар дәрігері Елена Андреева жұмыс істейтін мәскеуліктердің 60%-ына вакцина салдыруды міндеттеді. Бұл туралы Мәскеулік жедел штабтың ресми Telegram-каналында жазылды, деп хабарлайды қазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Мәскеудің бас санитар дәрігері жұмыс істейтін мәскеуліктердің 60%-ына вакцина салдыруды міндеттеді» делінген хабарламада.

Кейінірек жазбада әңгіме сауда және қызмет көрсету саласындағы қызметкерлерді вакцинаялау туралы болып жатқаны нақтыланды.

Мәскеудегі Роспотребнадзор басқармасының бастығы қол қойған қаулыда көрсетілгендей, міндетті вакцинация сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, сондай-ақ сұлулық салондары, фитнес клубтар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары және басқа кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлердің 60%-ын қамтуы тиіс.

Мәскеуде COVID-19 ауруын жұқтырушылар санының өсімі қоғамдық көлік жолаушылары, сауда орталықтары мен барға келушілер арасында байқалады.

Қаладағы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай қолайсыз деп бағаланды, делінген Мәскеудің бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Онда өсу қарқыны 2021жылдың 6маусымынан бастап, бір күндегі өсім 11%-ға, ал келесі күндері 20%-ға дейін артқаны көрсетілген.

Мәскеудегі жаңа коронавирус инфекциясы бойынша жағдай нашарлауда, ауруды талдау кезінде 18 жастан 60 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті адамдар жиі ауыратыны анықталды, олардың үлесі 60%-ды құрайды.

Бұл ретте сырқаттанғандардың ішінен жұмыс істейтін халық 73% -ды, балалар -13% -ды, зейнеткерлер-14% -ды құрайды.

Сондай-ақ, Мәскеу облысында азаматтардың жекелеген санаттары үшін міндетті вакцинация жарияланды.


Соңғы жаңалықтар