Мәскеуде жолаушылар ұшағы әуежайдағы бағанаға соғылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеудің Домодедово әуежайында жолаушылар ұшағы жарық бағанасына соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұшақ қаланы жарықтандыру мачтасына соғылды. Осы оқиғаға қатысты Мәскеудің көліктегі өңіраралық тергеу басқармасы тергеуге дейінгі тексерістерді жүргізіп жатыр», - дейді басқарманың ресми өкілі Лариса Марковец.

Алдын ала деректерге сүйенсек, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Апат себептері тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар