Мәскеуде жастар дипломатиясының алғашқы ресейлік-қазақстандық мектебінде болашақ мамандар бас қосты

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 4-5 желтоқсан күндері Мәскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Еуразиялық сарапшылар клубы студенттер мен аспиранттар - болашақ дипломаттар, саясаткерлер, тарихшылар, журналистер, коммуникация және PR мамандары үшін екі күндік бірінші ресейлік-қазақстандық мектеп өткізуде.

Оның тақырыбы: «Еуразиялық экономикалық одақтың имиджі. Жаңа көзқарас». «Еуразиялық үдеріс - ұзақмерзімді үдеріс, оны 1994 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бастаған. Ол Мәскеуде сол кезде Қазақстаннан келіп, кейін елге оралып, билік жүйесінде маңызды орындар алған жас студенттердің алдында сөз сөйлеген. Қазақстанның соңғы онжылдықтарда іске асырған барлық табысты бағдарламалары cол 1994 жылы берген бағыттармен жүрудің нәтижесі», - деді қоғаммен байланыс жөніндегі ресейлік қауымдастықтың президенті, сыртқы және қорғаныс саясаты бойынша кеңестің мүшесі Станислав Наумов. «Бүгінде Мәскеудің ЖОО-ларда кәсіби даярлықтан өтіп жүрген жас дипломаттар Қазақстанда келісілген және қабылданған 2050 жылға дейінгі бағдарламаның соңғы бөлімін іске асыруда. Бұл ретте оларға оны жүзеге асыру жеңілірек, себебі олар еуразиялық жоба қатысушыларына одақтың қандай мүмкіндіктер беретінін түсінетін болады», - деп нақтылады ол.

Бағдарлама аясында мәскеулік ЖОО-ның студенттеріне саясаткерлердің, дипломаттардың, брендинг және жарнама бойынша мамандардың шеберлік сабақтарын тыңдау, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан құрып отырған ЕАЭО имиджін талқылау, сондай-ақ жаңа интеграциялық бірлестіктің идеологиясын, стратегиясын және символикасын жасауға атсалысу мүмкіндігі туды.

Соңғы жаңалықтар