Мәскеуде зейнеткерлер университеті ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Мәскеуде «Күміс университет» атты білім беру жобасы басталады. Онда зейнеткерлер шет тілдерін, компьютерді тегін үйреніп, мамандық алып шығуына болады, деп хабарлайды ТАСС.

«Біздің мақсатымыз - зейнеткерлердің шығармашылық және кәсіби жасын ұзарту. Осы жолда мәдени және білім беру жобасын ұйымдастырып отырмыз. Зейнеткерлерге бұрын мүмкіндігі болмаған дүниелерін үйренуіне жағдай жасағымыз келеді», - дейді қалалық еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Владимир Петросян.

Порталдың хабарлауынша, жобаға қаланың зейнет жасына жеткен тұрғындары қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар