Мәскеуде зергерлік дүкеннен құны 10 млн. рубль тұратын бұйымдарды үптеп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің оңтүстік-шығысындағы зергерлік дүкенге кірген белгісіз адамдар оның күзетшісін жарақаттап, ішінен жалпы сомасы 10 млн. рубльді құрайтын бұйымдарды жымқырып кетті.
Бұл туралы мәскеулік полицияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Сағат 19:50-де бес адам шыны есікті сындырып, дүкеннің ішіне кіріп келген. Күзетші тонаушыларға қызметтік газды тапаншадан оқ атты.
Қарақшылар күзетшіні соққыға жығып, тапаншасын алып қойды, алдын ала болжам бойынша травматикалық қарудан атып, оның қолын жарақаттады. Дүкеннің ішіне бетін тұмшалап кіргендерді көрген кассир мен дүкенші қосалқы бөлмеге жасырынып, дабыл қағу белгісін басқан.
Қылмыскерлер олар келгенше бағалы құнды әшекейлерді алып, көліктеріне мінген күйі іздерін суытып үлгерді. Жарақаттанған күзетші ауруханаға жеткізілді.
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
- Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған
- Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр
- Джо Байден Дональд Трамптың көптеген шешімінің күшін жойды
-
Джо Байден АҚШ-та пандемиямен күрестің жаңа ережесін енгізбек
-
Америка вице-президенті лауазымына алғаш рет әйел адам келді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам