+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Мәскеуде зауыт ішіндегі өткел құлап, 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды

2020 жылғы 27 қыркүйек 20:45
Бөлісіңіз:
Мәскеуде зауыт ішіндегі өткел құлап, 50-ден астам Қырғызстан азаматы жарақат алды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу маңындағы Ступино елдімекенінде өндіріс орнында өткел құлап, 51 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта 51 адамның жарақат алғаны белгілі. Оның бәрі әртүрлі ауруханаларда ем алып жатыр. Кейбіреулері өз бетінше медициналық көмекке жүгінген» деп хабарлады агенттікке сұхбат берген төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеу облысындағы басқармасының баспасөз қызметі.

Мұның алдында зардап шеккендер саны 39 болатын. Оның ішінде 18 адам ауыр халде жатыр. Қаза тапқандар жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарын жоюға 68 құтқарушы мен 25 техника тартылған.

Зардап шеккендердің барлығы - Қырғызстан азаматтары. Оның екеуі Ресей азаматтығын алған. Олар - осы зауыттың жұмысшылары.

Айта кетейік, «ФМ Логистик» өндіріс орнында опырылып түскен металл өткелдің ұзындығы - 35 метр, биіктігі - 4 метр. Ол инженерлік коммуникациялардың үстіне құлап, бүлдірген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT