Мәскеуде вокзалдар, ЖОО-лар мен қонақүйлерден адамдар жаппай эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс туралы хабарламаларға сәйкес, Мәскеудің сауда орталықтарынан, вокзалдары мен жоғары оқу орындарынан, сондай-ақ бірнеше қонақүйінен 20 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне шұғыл қызметтерден хабарлады.

«Жарылыс қаупі туралы хабарламалардан кейін кем дегенде 30 нысанда эвакуация жүргізілді. Жалпы 20 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды», - деп мәлім еткен агенттіктің сұхбаттасы, жарылыс болуы мүмкіндігі туралы қоңыраулар әлі де түсіп жатқандығын айтты.

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы қоңыраулар негізінен сауда орталықтарына қатысты болып отыр. Олардың арасында «Митинский радиобазары, «Афимолл сити», «Щелково», «Метрополис», «Фестиваль», «Варшавский», Мемлекеттік универмаг, «Кожевники» және басқалары бар.

Онымен қоса, Сеченов атындағы медицина университетінен, Әділет министрлігінің Ресей құқық академиясынан және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтынан адамдар шығарылды.

Эвакуация сондай-ақ ВДНХ ауданындағы «Космос» және «Звездная» қонақүйлерінде және Олимпийский даңғылындағы «Азимут отельде» жүргізілді.

Агенттік сұхбаттасының айтуынша, кем дегенде бес нысан тексерілді, жарылыс туралы хабарламалар жалған болып шықты. Бомбаны іздеу жұмыстары Казанский және Киевский вокзалдарында, Әділет министрлігінің Ресей құқық академиясында және «Город» сауда орталығында жүргізілді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар