Мәскеуде Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Александр Кимасов қайтыс болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мәскеуде халықаралық «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінің бас директоры, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Александр Кимасов қайтыс болды.

Бұл туралы бүгін «ҚазАқпарат» тілшісіне Ұлттық баспасөз клубының атқарушы директоры Ерлан Рамазанов хабарлады.

«Александр Кимасов осыдан екі жыл бұрын Мәскеуге көшіп кеткен болатын. Бүгін бізге оның ұлы хабарласып, әкесінің дүние салғандығын айтты. Александр Кимасов соңғы кездері ауырып жүрген болатын. Таяуда 79 жасқа толған еді. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімінің уақыты кейінірек белгілі болады», - деді Е. Рамазанов.

Александр Максимович Кимасов 1936 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Выдриха ауылында туған. Өскемен педагогика институтын бітірген. Мамандығы - орыс тілі, әдебиеті және тарихының мұғалімі. Еңбек жолын Ленинагор полиметалл комбинатында бұрғы шебері болып бастаған. Институтты тамамдаған соң ауыл мектебінде мұғалім болып еңбек етті.

1991 жылдан А. Кимасов - Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің консультанты. 1997 жылдан - Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті. 2008 жылы ол халықаралық «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінің бас директоры болып тағайындалды. А. Кимасов бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие. Ол «Қазақстаның құрметті журналисі» атағын алған және Қазақстанның Журналистер одағы жүлдесінің лауреаты.

Соңғы жаңалықтар