+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Мәскеуде ұлтаралық араздық негізінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды

2013 жылғы 14 қазан 09:35
Бөлісіңіз:

МӘСКЕУ. 14 қазан. ҚазАқпарат - Жексенбі күні кешке Мәскеудің оңтүстік аумағындағы Бирюлёво Западное ауданында ұлтаралық араздық негізінде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

Тәртіпсіздіктерге аталған ауданда Ресей астанасының тұрғыны 25 жасар Егор Щербаковтың өлімі себеп болған. 10 қазан күні марқұм құрбысымен қыдырып, үйіне қайтып келе жатқанда Солтүстік Кавказдың тумасы оған тиісіп, пышақтап кеткен. Дәл сол жерде орнатылған бақылау камералары оның бұл қылмысын жазып қалса да, қандықол әлі де табылған жоқ.

Аталған оқиға лезде БАҚ, әлеуметтік желілер мен блогтар арқылы қалың бұқараға тарап кетті. Сенбі күні сол ауданның тұрғындары ереуілге шығып, қылмыскердің жазасын беріп, жергілікті көкөніс базасын жабуды талап етті.

Жексенбі күні кешке Бирюлево ауданында халық екінші мәрте көтерілді. Бұл жолы көшеге мыңнан аса адам шықты. Халық бұған дейін қойған талаптарымен қоса, Бирюлево ауданының басшысын қызметінен кетіруді талап етсе, кейбір топтар ұлттық ұрандары жазылған плакаттарды көтеріп шықты.

Кешкі сағат алтыға қарай митинг жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ереуілшілер жергілікті сауда үйін қиратты, мигранттарды іздеп, көкөніс базаларының астан-кестенін шығарды, жолай тұрған көліктерді аударып тастады. Тұрғындардың пікірінше, қылмыскер жергілікті көкөніс базасында жұмыс істеген.

Жағдайды тұрақтандыру үшін Мәскеу қаласы бойынша ҚР ІІМ МБ жеке құрамдардың бәрін жұмылдыратын «Вулкан» жоспарын жариялады.

Кешкі он бірлерде Бирюлево ауданында шамамен 300 адам тұтқындалды.

Ресми федералды БАҚ-тың топшылауынша, тәртіпсіздіктерді аталған ауданға арнайы келген ұлтышлдар әдейі ұйымдастырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT