Мәскеуде ТМД мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қадамдарын үйлестіру жөнінде кеңестер өтеді

None
None
АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Тамыздың 10-ы мен 11-і аралығында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы және ТМД аясында  БҰҰ Бас Ассамблеясы 64-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ТМД мен ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қадамдарын үйлестіру жөніндегі қатысушы елдер сыртқы істер министрліктері арасында кеңестер өтеді.

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, іс-шара барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясындағы басымды мәселелер, БҰҰ реформасы,  БҰҰ органдарына сайлау, сонымен қатар Ауғанстандағы жағдай және адам құқықтары тұрғысындағы мәселелерді  талқылау жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар