Мәскеуде «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 сәуірде "Россия сегодня"  халықаралық ақпараттық агенттігінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" кітабының тұсаукесері өтеді және Астана қаласының 20 жылдығына арналған "Астана - Ұлы даланың маржаны" тақырыбында сурет көрмесі ашылады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры өткізеді, деп хабарлайды Ресейдегі Қазақстан елшілігінің сайты.

Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  кітабы таныстырылымының халықаралық турнесі фотокөрмемен сүйемелденіп,  Мәскеуден басталып Азия және Еуропалық одақ елдері астаналарында, атап айтсақ Бейжің, Мадрид, Париж, Лондон және Берлин қалаларында жалғасын таппақ.

Сондай-ақ, кездесу аясында Мәскеудегі кітап тұсаукесеріне қатысушылармен Астанадағы сарапшылар қауымдастығы және БАҚ өкілдері арасында телекөпір өтеді. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы 2017 жылдың желтоқсанында жарық көрген. Тарихи публицистика жанрында жазылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Іс-шараның қонақтары ретінде ресейдің қоғам және мемлекет қайраткерлері,  мемлекеттік Дума депутаттары, ғылыми-сарапшылар мен дипломатиалық корпус өкілдері шақырылмақ.

Сонымен қатар, кітаптың тұсаукесері аясында қонақтар "Астана - Ұлы даланың маржаны" тақырыбындағы сурет көрмесін тамашалай алады.

Көрмеде елорданың ғажайып түрлі ғимараттарының 60-тан астам суреті көпшілікке ұсынылады. Суреттер ішінде ерекше әлемдік деңгейдегі мәдени нысандар ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы - Ақорда көрсетілген. Ол әлемнің ең әдемі президенттік сарайлардың 10-на кірген. Сонымен қатар, ғаламшардағы эпостық ғимараттардың 90-на енген, елорданың басты бренді - "Бәйтерек" және Астанадағы ЭКСПО - орталықтағының бірегей ғимараттардың бірі - сфера пішіндес диаметрі 80 метрді құрайтын «Нұр-Әлем» павильонының суреттерін тамашалауға болады. Сондай-ақ белгiлi британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған елорданың ерекше ғимараттары -Бейбітшілік және келісім сарайы - Пирамида, Назарбаев орталығы, шатыр формасындағы әлемдегі ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің  рекордтар кітабына енген "Хан Шатыр" сауда-сауықтыру кешені де бар. 

Соңғы жаңалықтар