Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 11 °С
Алматы: 22 °С
USD 345.68 EUR 404.45
RUB 5.48 CNY 50.91
Жаңалықтар

Мәскеуде ШЫҰ-ның халықаралық қызметі талқыланды

2018 жылғы 12 шілде 21:31 401
Бөлісіңіз:
Мәскеуде ШЫҰ-ның халықаралық қызметі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 9-10 маусымында Қытайдың Циндао қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің қорытындысы негізіндегі халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшыларының келісімдерін жүзеге асыру жұмыстары аясында жоғары деңгейде консультациялар өтті.

Аталмыш шара ШЫҰ-ның халықаралық қызметіне арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан атынан шараға ШЫҰ мәселелері бойынша Ұлттық үйлестіруші Ерлан Әлімбаев қатысты. Қазақстандық дипломат онда халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, еліміздің ұстанамын жария етті. Сондай-ақ ол сөзінде ұйымға мүше елдердің басшыларының бастамаларын толық әрі уақытында жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.


Мәскеуде ШЫҰ-ның халықаралық қызметі талқыландыБұл ретте дипломат Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа технологиялар, экономиканы цифрландыру бағытында ШЫҰ аясындағы тәжірибе алмасу алаңын құру және ұйымның тұрақты даму саласындағы бірлескен Тұжырымдамасын дайындау жөніндегі бастамасының да ерекше маңызды екендігін жеткізді.

Жиынға қатысушыларды Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қарсы алды. Ол өз сөзінде ШЫҰ-на деген сұраныстың әлемде өсіп келе жатқандығын және ұйымның халықаралық және өңірлік ұйымдармен стратегиялық бағыттары нығайып келе жатқандығын атап өтті.

Өздерінің сөздерінде ұйымға мүше 8 мемлекеттің делегация басшылары мен ШЫҰ-ның хатшысы Рашид Алимов халықаралық аренада өзара тиімді ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру үшін барлық тараптардың бірлескен және үйлестірілген қимылының маңызды екенін атап өтті.

 

 

 


Бөлісіңіз:

Аударма:

Айдар Оспаналиев

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат