Мәскеуде сайлау учаскесі ашылды

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеу уақыты бойынша сағат 07:00-де Ресей Федерациясындағы ҚР Елшілігі жанынан ашылған №265 сайлау учаскесінде Қазақстанның Әнұраны шырқалып, салтанатты жағдайда дауыс беру басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Демалыс күніне қарамастан, Ресейдің әр өңіріндегі қазақстандықтар өздерінің азаматтық және конституциялық парызын өтеу үшін таңертең ерте №265 сайлау учаскесіне дауыс беруге келді.

«Мен Мәскеуге қызметтік іссапармен келдім. Отанымнан алыста болғаныма қарамастан, таңертең ертемен азаматтық және конституциялық міндетімді орындау үшін сайлау учаскесіне келдім», - деді Мәскеудегі №265 сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген қазақстандық Серік Есенбаев.

«Қазақстанның болашағы біздің әрбіріміздің таңдауымызға тікелей байланысты», - деді ол.

Ресей Федерациясының аумағындағы қазақстандық азаматтар Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған 5 сайлау учаскесінде: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларында дауыс бере алады.

Авторы Медет Ахметов

Соңғы жаңалықтар