Мәскеуде ресейлік азаматты соққыға жыққан қазақстандық студент ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәскеуде ресейлік азаматты соққыға жыққан қазақстандық студент ұсталды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің Мәскеудегі Консулдықтың қызметкерлері бұл ақпаратты тексерді. Мәскеу қаласының полициямен байланысқа шықты және Ресейдің бір азаматын соққыға жықты деген күдікпен қазақстандық студенттің ұсталғанын анықтады. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында білім алып жатқан. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мұнан өзге ақпарат бізге әзірше берілген жоқ», - деді Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Соңғы жаңалықтар