+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Мәскеуде нөсер жауыннан соң көшелер мен метро станциясын су басты

2021 жылғы 28 маусым 22:27
Бөлісіңіз:
Мәскеуде нөсер жауыннан соң көшелер мен метро станциясын су басты

МӘСКЕУ. ТАСС - ҚазАқпарат – Ресей астанасы Мәскеу қаласына нөсер жауын жауып, көшелер мен метро станциясын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сарапшы: қарашада коронавирусқа шалдыққан ресейліктердің саны 1 млн-нан асуы мүмкін Ресейдің Калининград қаласымен әуе қатынасы қайта жанданды Татарстанда жеңіл ұшақ апатқа ұшырады, бірнеше адам қаза тапты

Күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкен терезелерін сындырды.

«Осы уақытта Мәскеудің бірнеше көшесін су басқаны белгілі. Осы себепті көлік байланысы қиындады. Сондай-ақ «Ясенево» метросын да су басып, пойыздар тек «Теплый стан» мен «Новоясенево» арқылы ғана қатынауда»,-деді агенттіктің дереккөзі.

Бұған қоса, күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкендердің әйнектерін зақымдады. Жазғы дәмханаға келушілерді сыртқа шығаруға тура келді.

«Щелководағы сауда орталығының шатырын жел көтеріп кетті. Зардап шеккендер жоқ»,-деді ол.

Сонымен қатар, Новокосинода құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйдің жылытқыш материалдарн жел ұшырып әкетті. Сондай-ақ Новоясеневск даңғылындағы «Калита» сауда үйі мен GreenPark тұрғын үйін су басты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT