+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Мәскеуде Мұхтар Әбілязов ісіне қатысты сот болады

2020 жылғы 21 қаңтар 14:01
Бөлісіңіз:
Мәскеуде Мұхтар Әбілязов ісіне қатысты сот болады

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу қалалық Таган аудандық соты 31 қаңтарда қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбілязовқа қатысты қылмыстық іс материалдарын қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

mos-gursud.ru порталының мәліметінше, РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы 4-бөлігі («Алаяқтық») бойынша М.Әбілязовты және тағы төрт азамат - А.В.Ерещенко, И.В.Кононко, Т.Н. Параскевич және А.А Удовенконы айыптау бойынша қылмыстық іс өткен жылдың желтоқсанында сотқа түскен.

Осы аралықта екі сот отырысы қорғаушылардың келмеуіне байланысты кейінге (2019 жылдың 24 желтоқсаны және 2020 жылдың 17 қаңтары) қалдырылды. Келесі отырыс жұмаға, 31 қаңтарға белгіленді.

Ресей Федерациясының ҚК 159-бабы 4-бөлігі бойынша («Ұйымдасқан топтың аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауы немесе азаматтың тұрғын үй-жай құқығынан айыруға әкеп соққан алаяқтық») кінәлілер он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, бір миллион рубльге дейін айыппұл төлейді.

Бұл әрекет аса ірі қылмысқа жатады, сондықтан іс айыпталушылардың қатысуынсыз қарала бермек. Адвокаттардың үнемі келмей қалуы да сот процесін соза беруге негіз болмайды, өйткені РФ Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, «сотталушының шақырған қорғаушысы болмаған жағдайда сот қорғаушыны тағайындау бойынша шаралар қабылдайды». Осылайша, айыпталушыларға қатысты үкім олардың қатысуынсыз шығарылуы мүмкін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қылмыспен күрес, Ресей,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT