Мәскеуде ММХҚИ терезесінен құлаған қазақстандық студент қыз ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлаған қазақстандық студент қыз ауруханаға түсті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР СІМ ресми өкілі Ануар Жайнақов.

«Біздің дипломаттар қазақстандық студент қыз жатқызылған ауруханаға барды.  Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Куәгерлерден оқиғаның қалай болғаны сұралып жатыр», - деді А.Жайнақов.

Ресми өкілдің айтуынша, ММХҚИ қазақстандық студенттің онда оқығанын растаған.

«Студенттің жеке басына қатысты ақпаратты тарата алмаймыз. Бойжеткен 1997 жылы туған», - деді А.Жайнақов.

Бұған дейін ресейлік БАҚ қазақстандық студентті бойжеткеннің досы - дағыстандық азамат сөзге келіп қалғаннан кейін терезеден итеріп жібергенін хабарлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар