Мәскеуде Ленин мавзолейін өртемек болған адам ұсталды

None
Фото: tass.ru
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Мәскеуде Ленин мавзолейін өртеуге әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ТАСС» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Оқиға кеше сағат 22:00 шамасында болды. Ер адам Ленин мавзолейіне жақындап, ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырды. Өрт болған жоқ. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады», - деген агенттікке хабар беруші.

Оның айтуынша, ер адамға қатысты «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, кесенеге зақым келмеген.


Соңғы жаңалықтар