Мәскеуде коронавирустен 79 жастағы әйел көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәскеу қаласында жаңа типтегі коронавирус диагнозы расталған егде жастағы әйел көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған хабарлайды.

Ресей астанасында коронавирус жағдайына бақылау және мониторинг жүргізу штабынан мәлімдегендей, науқас әйелдің бірқатар созылмалы аурулары болған.

«79 жастағы әйел ауруханаға 13 наурыз күні жатқызылған. Туыстарының сұрауы бойынша, 14 наурыздан бастап жекеменшік медициналық мекемеге ауыстырылған. Одан коронавирус инфекциясы анықталған соң, дереу № 2 инфекциялық ауруханаға ауыстырылды. Инфекциялық аурухада көз жұмған әйелдің бірқатар созылмалы аурулары болғаны белгілі болды», - деді штабтан.


Соңғы жаңалықтар